Жаңа Үкімет бекітілді: кім кетті, кім қалды?

Жарияланды
Фото; Kursiv.media


Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді. Бұған дейінгі құрамда болған министрлердің көпшілігі қызметін әрі қарай жалғастырады. Тек энергетика министрлігі мен сыртқы істер министрлігінің басшысы ауысты.

Кеше ғана бензин мен дизель отыны бағасы қымбаттайды деген Болат Ақшолақов енді энергетика министрлігін басқармайды. 2022 жылдың қаңтарынан бері министр болған ол президенттің кеңесшісі болып тағайындалды.
Ал оның орнына 2021-2023 жылдары бері «Самұрық-Қазына» қорын басқарған Алмасадам Сәтқалиев келді.
Тағы бір өзгеріс сыртқы істер министрлігінде болды. 2022 жылдан бері Президент әкімшілігі басшысы лауазымын атқарған Мұрат Нұртілеу министр болды. Нұртілеу сыртқы істер министрі ғана емес, премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарады.

Осылайша Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді:
Әлихан Смайылов – премьер-министр;
Роман Скляр – премьер-министрдің бірінші орынбасары;
Мұрат Нұртілеу – премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі;
Ерұлан Жамаубаев – премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі;
Серік Жұманғарин – премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі;
Алтай Көлгінов – премьер-министрдің орынбасары;
Ғалымжан Қойшыбаев – премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы;
Руслан Жақсылықов – қорғаныс министрі;
Марат Ахметжанов – ішкі істер министрі;
Дархан Қыдырәлі – ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Ербол Қарашөкеев – ауыл шаруашылығы министрі;
Азамат Есқараев – әділет министрі;
Саясат Нұрбек – ғылым және жоғары білім министрі;
Ажар Ғиният – денсаулық сақтау министрі;
Тамара Дүйсенова – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Марат Қарабаев – индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Асхат Оралов – мәдениет және спорт министрі;
Ғани Бейсембаев – оқу-ағарту министрі;
Юрий Ильин – төтенше жағдайлар министрі;
Әлібек Қуантыров – ұлттық экономика министрі;
Бағдат Мусин – ұлттық экономика министрі;
Зүлфия Сүлейменова – экология және табиға ресурстар министрі;
Алмасадам Сатқалиев – энергетика министрі.

Сондай-ақ оқыңыз