Жаңалықтар

АҚШ қор индекстері рецессия қаупі салдарына төмендеді

Фото: shutterstock.com

Сейсенбі күнгі сауда-саттықты АҚШ қор индекстері минуспен жапты. Өйткені бос жұмыс орындарының күрт зайғаны жайлы деректер АҚШ экономикасындағы рецессия қаупін арттырды, деп жазады Интерфакс-Қазақстан агенттігі.

Dow Jones 198,77 тармаққа (0,59%) төмендеп, 33 402,38 тармақты құрады. Индекс құрамындағы Nike Inc сәл өсім көрсетіп, 1,6%-ға өсті, ал 5,4%-ға төмендеген. Caterpillar аутсайдерлер көшін басқарды.

Standard & Poor’s 500 23,91 тармаққа (0,58%) төмендеп, 4100,6 тармақты құрады. .

Ал Nasdaq Composite 63,13 ұпай (0,52%) жоғалтып, 12 126,33 тармақ болды.

KASE индексінің де мәні 0,28%-ға төмендеп, 3 353,40 тармақты құрады. Индекс тізімдегі акциялар арасында мәмілелердің басым бөлігі «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ акцияларымен жасалды – 840. Ең көлемді мәмілелер «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ акцияларына тиесілі – 294,7 млн ​​теңге. «Қазақстанның жинақ банкі» ( +0,12%) және «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ (+0,01%) акциялары өсті.

Сол күні Америка Құрама Штаттарындағы бос жұмыс орындарының саны ақпан айында болжамнан азайып, 2021 жылдың мамыр айынан бері алғаш рет 10 миллионнан төмен түскені белгілі болды.

Еңбек министрлігінің ай сайынғы сауалнамасы нәтижесіне сәйкес (Ашық жұмыс орындары мен еңбек айналымын зерттеу, JOLTS) бос жұмыс орындары қаңтардағы 10,56 миллионмен салыстырғанда 632 мыңға азайып, 9,93 миллионды құраған. Trading Economics хабарлауынша, сарапшылар орташа есеппен 10,4 миллионға дейін төмендейді деп күткен.

Наурыз айындағы АҚШ-тың еңбек нарығы туралы жалпы есеп жұма күні шығады. Trading Economics сауалнамасына қатысқан сарапшылар жұмыссыздық 3,6% деңгейінде және бос жұмыс орындары 240 мыңға өсуін көрсетеді деп күтеді. АҚШ биржалары Пасха мерекесіне орай жұмыс істемесе де, еңбек нарығы туралы есеп сол күні жарияланады.

John Hancock Investment Management инвестициялық стратегі Мэтью Мискин наурыз айында экономикалық өсім баялағанын байқататын деректер салдарынан тоқсан басындағы сауда-саттық қиындай түсті дейді.

«Өсімнің баяулауы пайданың азайғанын білдіріп, акцияларға теріс әсер етеді деп», деп жазды ол.

Дегенмен, D.A. Davidson сарапшысы Джеймс Рейган сейсенбі күнгі құлдыраудан қайта көтеріп алуға болар еді деп пайымдайды.

Назарда болған компаниялар:

  • Virgin Orbit Holdings Inc акциялары АҚШ аэроғарыш компаниясы Делавэр сотына банкрот деп тану туралы өтініш берген соң бірден 23,2%-ға арзандады Virgin сатып алушыны іздеу барысында бизнес пен активтер құныны барында қымбат сату үшін банкроттық процесін пайдаланбақ.
  • Apple Inc бағасы компания әр елдердегі бөлшек сауда дүкендері, компанияның басқа да нысандарын салу және оларға қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлердің біразын жұмыстан шығаратыны туралы хабардан соң 0,3% төмендеді.
  • Acuity Brands акциялары 11%-ға төмендеді. Жарықтандыру және ғимараттарды басқару шешімдерін жеткізетін компания 2023 қаржы жылының екінші тоқсанында таза кірісін 10,5%-ға арттырды, бірақ кіріс сарапшылардың болжамынан нашар болды.
  • AMC Entertainment кинотеатрлар желісінің нарықтық құны 23,5%-ға төмендеді.