АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп өзіне тағылған айыптан соң, Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясында жақтастарының алдына шықты. Ол 2024 жылғы сайлауға қатысуға жол бермес үшін үстінен қылмыстық іс қоғалды деп мәлімдеді, деп жазады MarketWatch.
«Бұл жалған іс тек алдағы 2024 жылғы сайлауға кедергі келтіру үшін көтерілген және дереу жабылуы тиіс», деді Трамп.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Трамп айыптамада өзіне тағылған 34 түрлі ауыр қылмыс бойынша кінәсін мойындамайды.
Трамп сонымен қатар Манхэттен прокуроры Элвин Брэггтің оған істі шешуді ұсынғанын айтты. Трамп Брэггты біржақты ұстанымда деп айыптап, оның ұсынысын қабылдамайтынын мәлімдеді.
Бұған қоса, АҚШ-тың экс-президенті Джо Байденнің билігі үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуына әкеп соғуы мүмкін деп тұжырымдайды.
«Бұл Байден әкімшілігінің басқаруымен бүкіл күш пен құралды қолдану арқылы үшінші дүниежүзілік ядролық соғысқа әкеп соғуы мүмкін», деді Трамп.
Манхэттен прокуратурасы жалған іскерлік құжаттар жасады деп айып тағылған Трампқа қарсы 34 баптан тұратын айыптау қорытындысын жариялады.
Трамп әрбір тағылған бап негізінде төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. CNN хабарлауынша, бұрынғы мемлекет басшысына айып тағылуы – кейінгі 150 жылда алғашболып отырған жағдай.
Судья сотқа дейінгі тергеу шарттарын таразылағанша Трамптың қолына кісен салынбайды, түрмеге отырмайды және суретке түспейді деп хабарланды. Құпия қызмет пен Нью-Йорк сотының қызметкерлерімен кеңескен Манхэттен округінің прокуроры Элвин Брэггтің кеңсесі бұрынғы президенттің қолына кісен салып, оны суретке түсіруге негіз жоқ деген қорытындыға келген.