«Kazakhmys Energy» заң бұзғаны үшін 3 млн теңгеге жуық айыппұл төледі

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: архив Kursiv.media

Құрамына «Жезқазған ЖЭО» және «Балқаш ЖЭО» кіретін «Kazakhmys Energy» ЖШС-де өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы талаптардың сақталуына тексеру жүргізілді. нәтижесінде бірқатар заңбұзушылық бары анықталды. Бұл туралы Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті хабарлады.

Тексеру барысында техникалық монометрлер, қысым датчиктері сияқты тексеру мерзімі өткен 40 өлшем бірлігін қолдану анықталды. Тексерілмеген өлшеу құралдарын қолдану «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1-тармағын бұзу саналады, делінген хабарламада.

Ұлытау облысы прокуратурасының ұсынысы негізінде департамент қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. «Kazakhmys Energy» ЖШС құқық бұзушылық жасау фактісін мойындауына байланысты ҚР ӘҚБтК 811 – бабына сәйкес қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 800 АЕК – 2 760 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қазіргі уақытта әкімшілік айыппұл толық көлемде төленді. «Kazakhmys Energy» ЖШС қатысты заңның бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы жссеке ұсыныс шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыз