Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ауызашар берілді

Жарияланды

Ауызашарға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, дәрігерлер мен мұғалімдер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, мәдениет қайраткерлері, құтқарушылар мен еңбек адамдары шақырылды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

«Баршаңызды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын. Ораза қабыл болсын! Рамазан айы – күллі мұсылман қауымы үшін ерекше уақыт. Жамағат осы айда ізгі амалдар жасап, мол сауапқа кенеледі. Біз былтыр Ақордада алғаш рет арнайы дастарқан жайып, ауызашар бердік. Бұл бастама өз жалғасын табуда. Бүгін менің атымнан әрбір облыста жұртшылыққа ауызашар беріліп жатыр», – деді Президент.

Сондай-ақ оқыңыз