Энергетикалық кеңес мұнайдан бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайту тәсілдерін қолдады

Жарияланды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Энергетикалық кеңестің отырысында «жетілген» мұнай кен орындарын одан әрі игеру жөніндегі шаралар қаралды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, өндіріске тартылған инвестициялар көлемін ұлғайту және кен орындарының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту, салық салу, жұмыспен қамту, экологиялық талаптарды сақтау және басқа да бірқатар мәселе талқыланды делінген хабарламада.

Премьер-Министр «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынған кен орындарындағы тұрақты өндіру деңгейін және мемлекеттік бюджетке түсімдердің ұлғаюын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тәсілдерді қолдады.

Сонымен қатар отырыста «Теңізшевройл» ЖШС жұмысының өзекті мәселелері қаралды.

Бұған дейін Үкімет басшысы жаңа Энергетика министріне бірқатар тапсырма берген еді. Сонымен қатар, Үкіметте мұнай-газ саласының маңызды инфрақұрылымдық объектілерін мемлекет меншігіне қайтару барысы талқыланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз