Үкімет экономиканың негізгі секторларын жедел демонополизациялауға мүдделі

Жарияланды

Фото: Ukimet телеграм арнасы

Үкіметте Әлихан Смайыловтың төрағалығымен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, БҚДА, ҚМА және басқа да ведомстволар басшылығы қатысты. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қатысушылар мұнай-газ саласының маңызды инфрақұрылымдық объектілерін мемлекет меншігіне қайтару барысын, теміржол жүк тасымалы нарығындағы жасанды монополияларды жою жөніндегі шараларды және астық тасымалдау нарығы субъектілерінің жауапкершілігін арттыру тетіктерін талқылады», делінген хабарламада.

Жиында Әлихан Смайылов алдағы уақытта нақты экономикалық нәтижелерге қол жеткізу үшін басталған істер бойынша рәсімдерді және жалпы экономиканың негізгі секторларын демонополизациялау қарқынын жеделдетудің маңызын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз