Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтап қалды

Жарияланды
Фото: Асқар Ахметуллин

ҚР Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1п.т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Кейбір елдерде инфляцияның баяулауына қарамастан жаһандық инфляцияның қысымы әлі де жоғары болып тұр. Қазақстанда жылдық және айлық инфляция, наурыз айында төмендегенін көрсетті.

«Инфляциялық процестердің баяулай бастағанына қарамастан, инфляцияның орнықты және тұрақты төмендеу тренді туралы айтуға әлі ерте. Тұрақсыз инфляциялық күтулер, мемлекеттік шығыстардың ұлғаюы, жанар-жағармай және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық нарығында уақыты келген реформалар түріндегі проинфляциялық факторлар сақталып және іске асырыла бастады. Факторлардың жиынтық балансы ортамерзімді келешекте инфляцияны төмендету үшін 2023 жылдың бірінші жартысында базалық мөлшерлемені қазіргі деңгейде ұстап тұру қажеттігі туралы бұрынғы коммуникацияны қолдап отыр» , делінген ҰБ түсіндірмесінде.

Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі шешімдер 2023 жылғы 26 мамырда жарияланады. Оған жаңа деректер, оның ішінде, жанар-жағармай мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық нарығындағы реформалардың параметрлері ықпал етпек.

Сондай-ақ оқыңыз