Қытай АҚШ-тың Гудзон институты мен Рейган кітапханасына санкция салды

Жарияланды

Қытай АҚШ-тың Гудзон институты мен Рейган кітапханасына санкция салды. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Бейжің оларды «бір Қытай принципін» бұзды деп айыптады. Бұл үшжақты келісімге қайшы келеді, делінген Сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесінде.

Қытайлық университеттерге Гудзон институтымен және Рейган кітапханасымен ынтымақтастық орнатуға тыйым салынды. Тіпті студенттік алмасуға  да рұқсат жоқ. Бұдан бөлек, аталған мекемелердің 4 жетекшісі Қытайға кіре алмайды. Және елдегі мүліктері бұғатталады. 


Сондай-ақ оқыңыз