Биыл 3 млн-нан астам жолаушы Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында саяхат жасады

Жарияланды

 «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен 2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 3,2 млн-нан астам жолаушы тасымалданды. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Тасымалдау деңгейі өткен жылғы көрсеткіштен 6% (180 мың жолаушыға) асып түсті.  Оның ішінде 546 мыңнан астам адам қала маңындағы электр пойыздарын пайдаланды, бұл көрсеткіш 2% артты. 

Қазақстан бойынша барлығы 140 жолаушылар пойызы жүреді, оның ішінде 102 маршрутқа «Жолаушылар тасымалы» АҚ, 28 маршрутқа жеке тасымалдаушылар, ал 10 маршрутқа көрші елдердің т/ж әкімшілігі қызмет көрсетеді

Сондай-ақ оқыңыз