Дамушы нарықтардың валюта бағамы көп бағытты динамика көрсетті

Жарияланды

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 7 сәуірде теңгенің нарықтық бағамы бір апта ішінде 1,5%-ға (451,71-ден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 445,01 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.

Сыртқы валюта нарығында 2023 жылғы 31 наурыз бен 7 сәуір аралығында бірқатар маңызды оқиға болды. Наурызда экономикадағы жұмыс орындарының саны 236 мыңға көбейіп, жұмыссыздық деңгейі 3,5%-ға төмендеді. Сағаттық еңбекақының өсу қарқыны а/а 0,3%-ды құрады. АҚШ-та PCE Price Core базалық тұтынушылық инфляция көрсеткішінің өсу қарқыны ақпанда 4,7%-дан 4,6%-ға дейін баяулады.

Бұл факторлар дамушы нарықтарда валюталардың көп бағытты динамикасын көрсетті. Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының динамикасы төмендегідей қалыптасты:

  • индонезия рупиясы жергілікті борыш нарығына бейрезиденттердің келуі (соңғы қолжетімді деректерге сәйкес, сәуірдің 3-5 аралығында 178 миллион АҚШ доллары көлемінде) аясында 0,6%-ға (14 996-дан 14 913-ке дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы Үндістан банкінің жергілікті қатысушылармен жергілікті валютада оншорлық NDF транзакцияларына рұқсат беру арқылы (бұрын коммерциялық банктер NDF мәмілелерін тек шетелдік заңды тұлғалармен және өзара жасасқан еді) валюта нарығын тереңдету тұрғысынан қадамдар жариялауы аясында 0,3%-ға (82,18-ден 81,9-ға дейін) нығайды. ОБ мөлшерлемені 6,5% деңгейінде сақтап қалды;
  • бразилия реалы бір апта ішінде өзгерген жоқ, 5,06 деңгейінде қалды;
  • түрік лирасы шетел валютасындағы депозиттер бойынша резервтік талаптарды күшейту жөніндегі ОБ-ның шараларына қарамастан 0,4%-ға (19,18-ден 19,25-ке дейін) әлсіреді;
  • мексика песосы мөлшерлемелердің өсу циклі жақын арада аяқталады деген күтулердің өсуі аясында 0,5%-ға (18,05-тен 18,14-ке дейін) әлсіреді. Бір жағынан наурызда инфляцияның ж/ж 6,85%-ға дейін баяулағаны туралы деректердің шығуына да байланысты болды;
  • оңтүстік Африка ранды АҚШ-тағы рецессияға қатысты алаңдаушылықтың артуына байланысты тәуекел дәрежесінің төмендеуі аясында 2,2%-ға (17,8-ден 18,19-ға дейін) әлсіреді;
  • ресей рублі салық кезеңі аяқталып, сауда балансының профициті төмендегеннен кейін банк секторы тарапынан шетел валютасына сұраныстың өсуі аясында 4,5%-ға (77,6-дан 81,13-ке дейін) әлсіреді.
Сондай-ақ оқыңыз