Иранда орта мектеп оқушылары газбен уланды

Жарияланды

Иранда Күрдістан провинциясындағы «Мирадж» қыздар мектебінің оқушылары химиялық газбен уланған. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Әлеуметтік желілердегі оқиғалардың куәгерлері хабарлағандай, зардап шеккен қыздардың ата-аналары мен құқықтық тәртіп күштері арасында қақтығыс болды.

Азаматтар оқу орнының қабырғасынан Иран туын алып тастап, Жоғарғы басшы Али Хаменеяға қарсы ұрандар айтты.

Ата-аналар мен мектепке келген тәртіп сақшылары арасында қақтығыс болды.

Әлеуметтік желілерде жарияланған кадрларда кейбір ата-аналар балаларды өздері ауруханаға жеткізгенін көруге болады.

Кем дегенде 47 оқушы зардап шекті, олардың 20-сының жағдайы ауыр.

Иран билігі бұл оқиғаға әлі түсініктеме берген жоқ

Сондай-ақ оқыңыз