Қазақстандықтар мамыр айында қалай демалады?

Жарияланды
Праздник
Фото: Архив «Курсив»

Мерекелер туралы заңға сәйкес, 2023 жылдың мамыр айында қазақстандықтар үш мереке – 1, 7 және 9 мамырды атап өтеді, деп хабарлайды Uchet.kz.

Үш мереке де – мемлекеттік мереке және ол күндері демалыс.

1 мамырда қазақстандықтар Халық бірлігі күнін тойлайды. Мереке дүйсенбіге түсетіндіктен, бес күндік жұмыс аптасымен істейтіндер – 29, 30 сәуір және 1 мамыр 3 күн демалады.

Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күні 8 мамырға ауыстырылады. Ал 9 мамыр Жеңіс күні ретінде тойланады. Демек, қазақстандықтарды ұзақ демалыс – 6, 7, 8 және 9 мамыр күтіп тұр.

Жалпы, мамыр айында бес күндік жұмыс аптасында 20 жұмыс күні және 11 күн демалыс болады.

Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері – 30 сәуір мен 1, 7, 8, 9 мамыр.

Айта кетейік, былтыр Қазақстанда жаңа мереке – Республика күні пайда болды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оған ұлттық мәртебені қайтарып, 25 қазанда тойлауды ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз