Параллель импорт кесірінен Қазақстанда қойма тапшы

Жарияланды

Фото: www.shutterstock.com

Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Грузия, Арменияда мен Тәжікстанда қоймаларға деген сұраныс екі есе артты. Оған Ресейге параллель импорттың артуы себеп, деп жазады ресейлік «Коммерсантъ» басылымы.

Ресей кәсіпорындарының қоймаларға деген сұранысы Ресейге қарсы санкция енгізіліп және импортты жолға қою үшін жаңа жеткізу тізбегін құру қажет болған 2022 жылы қайта өсе бастады. Шетелдік тауарлар Ресейге, ал Ресей тауарлары сыртқы нарыққа Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б. елдер арқылы жеткізіле бастады. Федералды кеден қызметі 2022 жылдың наурызынан желтоқсанына дейін параллель импорт көлемі 20 миллиард доллардан немесе 2,4 миллион тауардан асқанын мәлімдеді.

«Noytech Supply Chain Solutions» логистика компаниясының қойма логистикасы жөніндегі вице-президенті Евгений Макаров бірнеше халықаралық компанияда «ТМД-да жұмыс істеуді Ресей Федерациясымен бизнесті жалғастыру мүмкіндігі ретінде қарастыратынын» айтты. Noytech Supply Chain Solutions компаниясы ТМД елдері арқылы Ресейге тауар жеткізуге мүмкіндік беретін жобаларды әзірлеп жатыр екен.

NF Group консалтинг компаниясының мәліметі бойынша, қазір ресейлік кәсіпорындардан түскен сұраныс көлемі екі есеге артып, 400 мың шаршы метрге жуықтады. NF Group қоймаларға тапсырыстардың негізгі бөлігі электронды коммерция мен логистикалық операторлардың ірі бөлшек саудагерлерінен келетінін айтады. Логопарктерді әзірлеуші ​​Ghelamco коммерциялық директоры Александр Перфильев сұраныстың шамамен 80% Wildberries және Ozon компанияларына тиесілі дейді.

Желтоқсан айында Wildberries Қазақстан билігімен екі қойма, Астана мен Алматыда логопарктер салуға келіскенін хабарлады. Компания жеткізуді жылдамдату үшін үнемі жаңа қоймалар іздейді. Оларға Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан және басқа елдерден осындай нысандар қажет.

Өз кезегінде, «Озон» биыл Бішкекте сұрыптау орталығы мен кеңсесін, сондай-ақ Қазақстанда 10 000 шаршы метрді құрайтын феллмент орталығын ашты. Соның арқасында жеткізу жылдамдығы 1,5 есеге артты.

«2021 жылдан бері Беларусь, Қазақстан және Қырғызстандағы бар логистикалық инфрақұрым онлайн-платформада осы елдерден сатушылар санын 50%-ға арттыруға және жеткізу құнын төмендетуге мүмкіндік береді», – деді ТМД-дағы Ozon өкілі Алексей Сапон.

ТМД елдерінде қойма алаңына деген сұраныстың артуы ұсыныстың айтарлықтай азаюына әкеп соқты. NF Group компаниясының өкілі Константин Фомиченко Қазақстан, Грузия, Армения, Қырғызстан және Тәжікстанда бос орын жоқтың қасы дейді. Беларусьте 1,6 миллион дайын нысанның – 2,8 пайызы, Өзбекстанда 207 мың шаршы метрдің 4,5 пайызы ғана бос. ТМД елдеріндегі қоймалардың көлемі 3,3 млн шаршы метрге бағаланады.

CORE.XP қойма және өнеркәсіптік жылжымайтын мүлік департаментінің аға директоры Антон Алябьев тығырықтан шығар жол – ресейлік компаниялардың ТМД аумағында қойма салуға тапсырыс беруі дейді. Дегенмен, бұл нарықтарда кәсіби логопаркін салатындар жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз