2025 жылға қарай ғылымға бөлінетін қаржы 240 млрд теңгеге жетпек

Жарияланды

Фото:kursiv.media

2020 жылы Қазақстанда ғылымды қаржыландыруға 89 миллиард теңге бөлінсе, биыл оның көлемі 160 миллиард теңгеге дейін жетті. 2025 жылға қарай қаржыландыру көлемін 240 миллиард теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының отандық ғылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндамасында айтты.

Ғалымдардың жалақысы былтыр екі есе өскен. Биыл 20 пайызға көбейсе, алдағы жылдары – тағы 20 пайызға артады.

«Гранттар конкурсының қорытындысына қарамастан, базалық қаржыландыру аясында 700 ғалым жалақымен қамтамасыз етілді.Іргелі ғылымға қаражат гранттар конкурстан тыс бөлінеді.
Ұлттық ғылыми кеңестер шешімдерінің объективтілігі арта түсті, апелляциялық комиссия құрылды.Қазақстанның ғалымдары жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберіледі. Жас ғалымдарға 1000 грантқа дейін бөлінеді», деді Премьер-министр.

2020 жылы 40 жасқа дейінгі жас ғалымдардың үлесі 38 пайыз болса, бүгінде бұл көрсеткіш 46 пайызға жетті. 2029 жылға дейін ғалымдардың санын 1,5 есе арттыру жоспарланып отыр.

Бұған дейін Президент еліміздегі ғылым саласы әлеуметтік-экономикалық өркендеуге әлі де тың серпін бере алмай отыр деп мәлімдеген еді. Соңғы бес жылда ғылымға бөлінетін қаржы 60 пайызға артқанымен, ғылымның түрлі саласын қаржыландыру ісінде өте үлкен теңсіздік бар.

Сондай-ақ оқыңыз