Қазақстанға электромобильдер үшін 8 мың зарядтау станциясы қажет-ҚазАвтоӨнеркәсіп

Жарияланды

Қазақстанда электр көлігін дамыту үшін электромобильдерге арналған 8 мың зарядтау станциясын салу қажет,- деп мәлімдеді «ҚазАвтоӨнеркәсіп» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының өкілі Әділбек Орымбаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан индустрия министрлігі автокөлік жасауды дамытудың кешенді жоспарын әзірлеп жатыр. Сонымен қатар, оны 2023 жылдың ортасында бекітпекші.

Осыдан кейін «ҚазАвтоӨнеркәсіп » министрлікпен бірлесіп 2024 жылы Қазақстанда электр көлігін дамыту тұжырымдамасын әзірлеп, бекітуді жоспарлап отыр.

«Қазіргі уақытта «ҚазАвтоӨнеркәсіп» тұжырымдаманы іске асыру үшін қажетті инфрақұрылымға инвестициялардың есебін жүргізуде»,- деп атап өтті Орымбаев.

Сондай-ақ оқыңыз