Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны қабылдады

Жарияланды
Токаев подарил Рыбакиной подарки

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны қабылдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Australian Open, Индиан-Уэллс және Майами турнирлерінде керемет өнер көрсеткен Елена Рыбакинаны құттықтап, шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігері үшін ризашылығын білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы қазақстандық теннисшілердің жетістігі өскелең ұрпақ арасында осы спорт түрінің танымалдылығын арттыруға септігін тигізетінін атап өтті.

Өз кезегінде Елена Рыбакина жеңіс тұғырынан көрінген сәттерінде қолдау білдіргені және жүрекжарды құттықтауларын жолдағаны үшін Президентке алғыс айтты.Даңқты теннисші алдағы уақытта да беделді халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетуге бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда елімізде 30 мыңнан аса адам тенниспен шұғылданатынына тоқталды. Оның 10 мыңнан астамы – 10 жасқа дейінгі балалар.

Хабарламада осы спорт түріне бұқаралық сипат беру мақсатында еліміздің 17 аймағында теннис корттары салынғаны жазылған. Сондай-ақ Baby tennis, «10 жасқа дейінгі теннис» секілді жобалар табысты жүзеге асырылып жатыр.

14-15 сәуір күндері Астанада алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчы өтеді. Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы Польша командасына қарсы ойнайды. Бұл кездесудің жеңімпазы әлем чемпионатына жолдама алады.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнир финалында беларусь спортшысы Арина Соболенкодан басым түсіп, жеңіске жетті. Ол жартылай финалда поляк Ига Швентекті ұтқан болатын. Осылайша, қазақстандық спортшы Индиан-Уэллс турнирінде әлемнің бірінші және екінші ракеткасын жеңген алғашқы теннисші атанды. Сол кезде мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз