Қазақстанда Siri мен Алисаның баламасы – Айсана жарыққа шығады

Жарияланды
В Казахстане создадут своего голосового помощника

Фото: shutterstock.com

Алдағы уақытта Siri мен Алиса сынды дауыстық көмекшілердің қазақстандық баламасы – Айсана атты робот шықпақ. Ол қазақ тілінде сөйлеп, жауап беретін болады. Бұл жоба Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдасы аясында жасалады.

Қазіргі кезде ірі ІТ корпорациялар өздерінің дауыстық көмекшілерін жасау арқылы бұл технологияны алға шығарып отыр. Ең танымалдарына: Google-дан Google Assistant, Apple-дан Siri, Amazon-нан Amazon Echo (Alexa), Microsoft-тан Cortana және Yandex-тен Алиса жатады.

«Қазіргі уақытта дыбыстық көмекші әзірлеудің маңызы зор. Бүгінде көпшілікке танымал «Алиса», «Alexa», «Cortana» мен «Siri» тәрізді өнімдер мәтінді пернетақта мен тінтуірді пайдаланбай енгізу, қолданушының ауызша командасы арқылы қажетті сайтқа, ақпаратқа, бағдарламаларға жылдам қол жеткізу, еске салу, қоңырау шалу, хабарламалар жазу, жаңалықтарды дыбыстау, «ақылды үй» функцияларын орындау, тіпті жасанды интеллектінің арқасында жетіліп, адаммен толыққанды диалог орнату мүмкіндігіне ие болды. Осы ретте отандық «Айсана» виртуалды роботын әзірлеу жұмыстары жүргізіледі», делінген тұжырымдамада,

Аталған бағыттағы жұмыстарды іске асыру үшін әлемдік ІТ-компаниялармен келісімге отыру, меморандумдар жасау жолдары қарастырылады.

Тұжырымдама авторлары бұл шаралардың іске асырылуы халықтың қазақ тіліндегі цифрлық сауатын арттыруға және қазақтілді тұтынушылардың сұранысын толық қанағаттандыруға мүмкіндік бередідеп пайымдайды.

Жобаны талқылау 21 сәуірге дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыз