Ресей көміріне эмбарго жариялаған Еуро Одақ қазақстандық импортты ұлғайтты

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

Еуропалық Одаққа Қазақстанның көмір экспортының көлемі ұлғайды. Бұл турады Экономикалық зерттеулеу институты мәлім етті.

2023 жылдың екі айының қорытындысы бойынша Қазақстан Еуропалық Одақ елдеріне сомасы 86,2 млн АҚШ доллары болатын  1,27 млн тонна көмір экспорттады, бұл 2022 жылдың алғашқы екі айынан 3,8 есе көп (337 мың тонна).

Бұл ретте жеткізілімдердің 90% – Польша, Латвия және Эстонияға тиесілі. Сонымен қатар, Германияға, Чехияға және Нидерландыға да қазақстандық көмір жеткізіле бастады.

2022 жылдың тамызында Еуро Одақ елдері ресейлік көмірге қатысты импорттық эмбарго жариялаған болатын. Бұл өз кезегінде бүкіл ресейлік көмір экспортының 25% -не әсер етеді (бұл жыл сайын 47-48 миллион тонна). ЕО елдері туындаған тапшылықтың орнын Қазақстан экспортымен толтырып отыр.

Сондай-ақ биылғы бірінші тоқсанда Ресей арқылы теміржол транзитіне жеңілдіктер енгізілді. Бұл да экспорттың ұлғаюына оң серпін берген. Айта кету керек, Қазақстан көмірінің Еуропаға экспортының барлығы дерлік Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтеді. Қазақстан мұнай экспортының да басым бөлігін Ресей арқылы жөнелтеді.

Сондай-ақ оқыңыз