Фридом Финанстың бірінші тоқсандағы табысы 2,5 млрд теңгеге өсті

Жарияланды

 2023 жылғы 31 наурызда аяқталған тоқсандағы таза кіріс 2022 жылғы 31 наурызда аяқталған тоқсандағы таза кіріспен салыстырғанда 2,5 млрд теңгеге немесе 789,7%-ға өсті. Бұл туралы Freedom Finance баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылғы 31 наурызға жиынтық активтер 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 26,3 млрд теңгеге (12,9%) өсіп, 231,6 млрд теңгені құрады. Өсуге бағалы қағаздар портфелінің 26,9 млрд теңгеге немесе 20,8%-ға ұлғаюы нәтижесінде қол жеткізілді.

Тікелей РЕПО операцияларының 23,5 млрд теңгеге немесе 31,1%-ға ұлғаюына байланысты міндеттемелер 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 17,6 млрд теңгеге немесе 20,6%-ға өсті.

Меншікті капитал 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 8,8 млрд теңгеге немесе 7,4%-ға өсті.

Негізгі сандық көрсеткіштер:
1. Жарғылық капитал – 72,8 млрд. теңге.
2. Шоттардың жалпы саны 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 85 мыңнан астам.
3. 2023 жылғы бірінші тоқсандағы мәмілелердің саны 235 мыңнан астам.
4. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша компания Қазақстан қор биржасында саудаланатын бағалы қағаздардың 91 атауы, Астана International Exchange-де саудаланытын 7 атауы бойынша  ресми маркетмейкер болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыз