2023 жылдың бірінші тоқсанында ҚР мен ҚХР арасында жүктерді тасымалдау өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32% өсіп, 6,5 млн тоннаны құрады. ҚХР-дан жүк қабылдау 7%, яғни 2,6 млн тоннаға дейін өсті. Жүктерді ҚХР – ға тапсыру 56%, яғни 3,8 млн тоннаға дейін артты. Алтынкөл станциясы бойынша жүктерді тапсыру үш есеге, 1,2 млн тоннаға дейін, қабылдау 4%, 1,5 млн тоннаға дейін өсті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Қытай бағытында жүктерді тасымалдауға сұранысты ескере отырып, ҚТЖ қазақстандық астықпен астық тасымалдаушылардан пилоттық пойызды іске қосты. Жоба ҚХР мен ҚР теміржол және терминалдық инфрақұрылымының дайындығы мен мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған. Естеріңізге сала кетейік, антиковидтік шараларға байланысты Қытай соңғы екі жылда астық жүктерін жабық және астық таситын вагондарда қабылдаудан бас тартып, тек контейнерлерде қабылдап келеді.
Отандық өнімді экспорттық тасымалдауды дамыту үшін Достық – Мойынты учаскесі екінші жолдарының құрылысы жүргізілуде, содан кейін оның өткізу қабілеті 5 есеге артады. Үшінші Бақты өткізу пунктінің ашылуымен Бақты – Аягөз теміржол желісінің құрылысы бойынша жоба іске асырылуда, ол Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу қабілетін жылына тағы 20 млн тоннаға арттырады.