«ҚазТрансГаз Аймақтың» Қызылорда филиалына 232 млн теңге айыппұл салынды

Жарияланды

Фото: www.shutterstock.com

«ҚазТрансГаз Аймақтың» Қызылорда филиалына 232 млн теңге айыппұл салынды. Монополист быр жарым жыл бойы бекітілмеген тариф қолданып, 2 миллиард теңгеден астам негізсіз кіріс алған. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін Табиғи монополиларды реттеу комитетінің облыстық департаменті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы үшін 2020-2025 жылдарға арналған тауарлық газды тасымалдау тарифін бекіткен.

2021 жылы компания 2020 жылға бекітілген тарифтің орнына 2019 жылы қолданыста болған тарифті қолданып, нәтижесінде монополист 1,4 млрд теңге негізсіз кіріс алғаны белгілі болды. Ал 2021 902,6 млн теңге негізсіз кіріс тапқан.

«Сот отырысының қорытындысы бойынша Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотының 11 сәуірдегі қаулысымен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда филиалы ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылды. Жалпы сомасы 232 292 872 теңге айыппұл салынды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз