Мемлекеттік шекарадан көліктерді электронды кезек жүйесімен өткізу қағидасы бекітіледі

Жарияланды
Фото: Ашық дереккөзден


Автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, оның ішінде электронды кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидаларын бекіту туралы Қаржы министрлігінің бұйрығы жария талқылауға шығарылды.

«Автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, оның ішінде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидалары бекітілсін», делінген құжатта.

Электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесі – Қазақстан Республикасынан шығу кезінде автомобиль көлік құралдарының өткізу пункттеріне кіру уақытын брондауға арналған бағдарламалық-аппараттық кешен. Енді көліктер, жүктер мен тауарлар мемшекарадан Электрондық кезек жүйесі арқылы өтеді. Оның инфрақұрылымының жұмыс істеуін ұйымдастыру тәртібі арнайы мобильді қосымша арқылы реттеледі. Бұл қосымшада электрондық-цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, ЭКЖ тіркеушісінің сайты арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ақпарттық порталда мемшекарадан өткен автомобиль көлік құралдарының тіркеу нөмірлерін үздіксіз оқылып, автомобиль көлік құралдарының тіркеу нөмірлерінің деректер базасын сақталады. Осылайша шекарадан өкен әрбір көлік құралдары электронды есепке алу жүйесінде тіркеледі. Өткізу пункттерінде көлік құралдарының тіркеу нөмірлерін фото және бейнетүсірілімі жүзеге асырылып, оларды ЭКЖ-да одан әрі тану үрдісі жүріп, ақпарат өңделеді. Егер көлік құралы ЭКЖ-дан өтпеген болса, өткізу пунктінен рұқсатсыз өте алмайды.
Бұл құжат талқылаудан өткен соң, бекітіліп, 2023 жылғы 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі. Жария талқылау 27 сәуірге дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыз