Фото: Сауда және интеграция министрлігі
Қазақстан кәсіпкерлері Ауғанстанға жалпы сомасы 4 млн долларға ұн жеткізетін болды. Бұл келісім Кабулда өткен қазақ-ауған бизнес-форумы барында жасалған. Форум Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстанның сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің Ауғанстанға сапары аясында өткен.
Бизнес-форумға Қазақстан тарапынан тамақ өнеркәсібі (ұн, макарон, кондитерлік өнімдер, сусындар, сүт өнімдері) саласындағы экспорттаушы кәсіпорындарының 18 өкілі қатысты.
Бизнес-форум алаңында Ауғанстанда Қазақстан сауда үйі ашылып, оның негізгі кеңсесі Герат қаласында орналасатын болады.
«Сауда үйінің негізгі міндеттері – екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарын жәрдемдесу және жандандыру, Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымын ұлғайту, аймақтық сауда-экономикалық, телекоммуникациялық, көлік және логистикалық байланыстарды дамыту, аймақ елдерімен сауда жасау үшін Ауғанстанның транзиттік және шекара маңындағы әлеуетін пайдалану, Қазақстан экономикасына инвестициялар тарту», делінген хабарламада.
Іс жүзінде Қазақстанның сауда үйі Қазақстан мен Ауғанстандағы «B2B» форматындағы іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ете отырып, қазақстандық және ауғандық іскер топтар арасындағы платформаға айналуға арналған. Ол үшін оның базасында экспортталатын отандық тауарлар мен қызметтер, сауда саласындағы заңнама, даму перспективалары мен проблемалық сәттерге маркетингтік зерттеулер мен талдау жүргізу, қазақстандық және ауғандық іскер тортарға ұсыныстар әзірлеу және өзара іс-қимылдың басқа да мәселелері бойынша консалтингтік орталық құрылатын болады.
Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің сапары барсындаға Ауғанстанға Қазақстаннан гуманитарлық көмек жеткізілген болатын.