ҚМГ Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов учаскелерінде кен өндіру келісімшартына толықтыру енгізді

Жарияланды

Фото: Ақжайық сайты

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартқа толықтыру жасалғанын хабарлаған. Келісімшарт бойынша «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС жер қойнауын пайдаланады. Бұл жайында компанияның KASE-ге жіберген хабарламасында жазылған.

«…2023 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, ҚМГ ҰК және «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС арасында Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартқа №1 толықтыру жасалды, соған сәйкес «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы болды» делінген хабарламада.

10 ақпанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ Каспий теңізінің Қазақстан бөлігіндегі «Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов» жер қойнауы учаскесін игеру жобасы бойынша бірқатар келісім жасасты. Тараптар Қатысушылар келісіміне, «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС жарғылық капиталында 50% қатысу үлесін сатып алу-сату шартына және Қатысушылардың оператор қызметін қаржыландыру шарттары туралы келісімге қол қойған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз