Жаңаөзенде газ жарылып, 11 адам зардап шекті

Жарияланды
мчс
Фото: ҚР ТЖМ

Бүгін таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы тұғын үйде газ жарылып, 11 адам зардап шекті. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Алдын ала болжам бойыгша, қаланың 2-шағын аудандағы екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылған. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған. Оқиға болған жерде өрт шықпады.

«Алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Болған оқиғаның себеп – салдары анықталып жатыр», делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Оқиға орнындағы үйіндінің арасын ашу жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД 50-ден астам құтқарушы және кинологиялық есептоп, 10 бірлік техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдары жұмылдырылған.

Сондай-ақ оқыңыз