Фото: shutterstock.com
Дүйсенбі күні АҚШ-ты негізгі үш қор индексі сауда-саттықты оң мәнде аяқтап, әрқайсысы 0,3% өсті. KASE таңғы сараптамасын жариялады.
Бұл ретте денсаулық сақтау, энергетика және байланыс қызметтерін қоспағанда, S&P индексіндегі 11 сектордың 8-і жоғарылап барып жабылды. Charles Schwab компаниясының акциялары тоқсандық нәтижесын жариялаған соң 3,9%-ға қымбаттады. Ал State Street акциялары бірден 9,2 пайызға арзандар кетті. Оған банктің бірініш тоқсандағы кірісі төмендеп кеткені себеп болды Alphabet акциялары Samsung өз құрылғыларындағы негізгі іздеу жүйесі Google-дың орнынан Microsoft-тың Bing жүйесін орнатуды қарастырып жатқаны туралы хабарлағаннан кейін 2,7%-ға төмендеді.
Ал Еуропа қор нарықтарында аса үлкен өзгеріс болмады. Өйткені саяхат пен демалыс секторы, тау-кен өнеркәсібіндегі табыстар қаржы және сақтандыру секторларындағы шығындармен өтелді. Stoxx 600 467-де жабылып, DAX 0,1%-ға төмендеп, 15 790-ға жетті. UBS банк Credit Suisse-пен қосылуға ФРЖ-дан рұқсат алды.
Nikkei 225 индексі сейсенбі күні 0,6%-ға көтеріліп, 28 680-ге жетті. Қаржы секторының акциялары арасында Mitsubishi UFJ (1,2%), Sumitomo Mitsui (1,6%), Japan Post Bank (0,6%), Mizuho Financial (1,2%) және Resona Holdings (2,6%) көшбасшы болды. Индекстегі басқа компаниялар да өсті, соның ішінде Toyota Motor (0,4%), Nintendo (1,4%) және Hitachi (1,5%) бар.
Shanghai Composite оң экономикалық есептерге қарамастан сейсенбіде 0,02%-ға төмендеп, 3,385-ке жетті. Қытайдың ЖІӨ бірінші тоқсанда 4,5 пайызға өсіп, 4 пайыздық болжамнан асып түскен. Наурызда өнеркәсіптік өндіріс пен бөлшек саудаға қатысты жақсы деректер елдің пандемиядан оаңлық келеді деген инвесторлардың оптимизмін арттырды.
Мәскеу биржасының индексі дүйсенбіде 1,61%-ға өсіп, 2 596,11 тармаққа жетті.
KASE индексі 0,3%-ға өсіп, 3 471,15 тармаққа жеткен. Акциялары биржалық көрсеткішке енгізілген алты компанияның бағалы қағаздарының саудасы оң мәнде аяқталды.