Президент: «Әкімдер өз қалалары мен ауылдарында жаяу жүруі керек»

Жарияланды

Президент әкімдер өзі басқарып отырған қала мен ауылда жаяу жүруі керек деп мәлімдеді. Өйткені қалалардыі сырт келбеті көңіл көншітпейді. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өтіп жатыр.

«Қазір бүкіл қалалардың сырт келбетіне, абаттандыруға мықтап көңіл бөлуіміз керек. Шыны керек, қалалардың келбеті көз тартпайды. Үйлерінің тозығы жетіп тұр» деді мемлекет басшысы.

Шығыс Еуропа, Балқан елдерін мысалға келтірген Президент бұл елдерде қала көркін жақсартуға қала билігі ғана емес, жергілікті тұрғындар да атсалысып жатқанын айтты.

«…Елорда мәтебесіне қала орталығы ғана емес, жақын төңірегі де сай болуы тиіс. Әзірге қала кейпі көңілден шықпайды. Осы жерде бүкіл әкімдер, мәслихат өкілдері отыр. Жақында теледидардан Семейдегі балалар алаңы туралы сюжет көрсетті, ол жердегі балалар алаңында ойнау өте қауіпті. Әкімдер өз қалалары мен елдімекендерін жаяу аралауы тиіс. Бұл ел астанасына да қатысты» деді Президент.

Сондай-ақ оқыңыз