«Жердің бәрі Даниал Ахметовтікі»: ШҚО әкімі бұл мәлімдемеге жауап берді

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов VII шақырылымдағы экс-депутат Берік Дүйсенбиновтің шулы мәлімдемесіне жауап берді.

2022 жылдың желтоқсанында Мәжіліс отырысында мәлімдеме жасап, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылып жатыр дегенге сенбейтінін, өңірлердегі жерлердің басым бөлігі әкімдерге тиесілі екенін айтты.

Берік Дүйсембинов «Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, ал Павлодарға барсаңыз Бақауовтікі. Астананың маңайында Өмірзақ Шөкеевтікі. Оны айтуға бәрі қорқып отыр» деді.
Астанада өткен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыстан шыққан ШҚО әкімі Даниал Ахметов экс-депутаттың мәлімдемесіне «жала» екенін мәлімдеді.

Бұл туралы Даниял Ахметов ақпараттың нақтыланбағанын айтады.

«Бұл – жала. Менде бір шаршы метр жер жоқ. Сондықтан ол кісіге мен ештеңе айта алмаймын. Неге? Себебі ол кісінің депутаттық мәртебесі бар. Бірақ оның айтқан сөзі мәдениетсіздік болды. Өскемендегі жердің бәрі маған тиесілі деп айту сандырақ. Бұл ақпарат нақтыланбаған», – деді ол.

Сондай-ақ облысы әкімі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мен Жер қатынастары комитеті тиісті ақпаратты бергенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз