Бибісара Асаубаева «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атанды

Жарияланды

Шахматтың блиц түрінен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын алды. Бұл туралы ҚазАқпарат шахматшының анасы Лиана Таңжарықованың мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

«Бибісара шахматтан «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» атанды. Оған бұл атақты бүгін Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов табыстады. Айта кетейік, соңғы 30 жылда еліміз бойынша шахматтан еңбек сіңірген спорт шебері атағын ешкім алмаған», – деді Лиана Таңжарықова.

Сондай-ақ оқыңыз