Депутаттардың нағыз кәсібилігі енді көрінеді – Ерлан Қошанов

Жарияланды
Ерлан Қошанов
Фото: Асқар Ахметуллин

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттарды халықпен тығыз жұмыс істеуге шақырды.
Қошанов мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы туралы айтып өтті.

«Жиында президент әлеуметтік-экономикалық саладағы мақсат-міндеттерді жан-жақты айқындап берді. Халқымыз қолға алынған рефомаларды зор үміт артып отырғанын, нақты іс-шараларға басымдық беру қажетін баса айтты. Елдегі оң өзгерістердің түпкі мақсаты мен мәні азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту, бұл іске бізде белсене ат салысуға тиіспіз», – деді Қошанов.

Айтуынша, реформаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету – депутаттардың тікелей міндеті. Заңдар заман талабына, қоғам сұранысына сай әрі сапалы болуы қажет.
Екіншіден, Парламентте, мәслихаттарда ең алдымен сайлаушылардың мүддесі ескеріліп қорғалуы керек.
Үшіншіден, атқарушы билікпен конструктивті диалог орнатып, барлық түйткілді мәселені талқылап, жедел шешуді тәжірибеге, дәстүрге айналдыру қажет.

«Бұл билік тармақтарының үйлесімді жұмыс істеуіне жол ашады. Алдымызда зор міндеттер тұр. Айналып келгенде депутаттардың нағыз кәсібилігі енді көрінеді. Ол үшін біз Үкіметтен ғана күтіп отырмай, қажет заңнамалық өзгерістерге өзіміз қорғаушы, бастамашы болуымыз қажет. Күн тәртібіндегі өткір мәселелерге дер кезінде сауатты, ең бастысы асқан жауапкершілікпен үн қата білуіміз керек. Сайлаушылар және қоғаммен күнделікті, үздіксіз, тығыз жұмыс істеуге тиіспіз.», – деді Мәжіліс төрағасы.


Сондай-ақ оқыңыз