Шетелге заңсыз шығарылған 670 млрд теңгеге жуық актив елге қайтарылды

Жарияланды
Ерулан Жамаубаев в кулуарах мажилиса

Фото: Асқар Ахметуллин

Қазақстаннан шетелге заңсыз кеткен 670 миллиард теңгеге жуық актив қайтарылған. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

«Қазіргі кезде шамамен 670 млрд теңге қайтарылды. Бұл ресми дерек. Бұл ақпаратты Бас прокуратура ұсынды», деді Ерұлан Жамаубаев.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қаңтар оқиғасынан кейін шетелге заңсыз кеткен қаржыны қайтаруды тапсырған болатын.

Келіп түсетін активтерді Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды қаржыландыру үшін пайдалану көзделген. 

2022 жылдың маусым айының басында Президент жарлығымен шетелге заңсыз шығарылған қаражатты қайтару жөніндегі комиссия құрылды.

Мемлекет басшысы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында сыртқа шығарылған активтерді қайтаруға қатысты заң жобасын тезірек қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыз