Фото: kursiv.media
Сәрсенбі күні Dow Jones индексі – 0,23%, ал S&P 500 индексі 0,23% төмендеді. Ал Nasdaq Composite сәл көтеріліп, 0,03% қымбаттады. ФРЖ зерттеуіне сәйкес, АҚШ экономикасы соңғы апталарда инфляция мен несиенің қымбаттауы салдарынан баяулаған. Оған қоса нарық жаңа есептерді күтіп отыр. KASE қор нарығына таңғы шолуын жариялады.
Morgan Stanley акциялары тоқсан сайынғы кірістің 19%-ға азайғанына қарамастан, 0,6% өсім көрсетті. Netflix акциялары нашар болжам салдарынан 3,1%-ға төмендеген. Teslа көліктерінің бағасының арзандауы компания акцияларына да әсер етіп, бағалы қағаздары 2,2% жоғалтты.
Freedo Broker мамандарының жазуынша, нарықта есеп кезеңі басталып, индектегі бір акциялар көтеріліп жатса, бірі төмендеген. Жалпы, АҚШ банк секторының тоқсандық нәтижесі күткеннен де жақсы қалыптасқан.
Өткен тәулікте Еуропа нарықтарында аса үлкен өзгеріс бола қоймаған. Stoxx 600 индексі технология және тау-кен өнеркәсібі компаниялары акцияларының құлдырауы салдарынан 0,1%-ға төмендеді. DAX индексі Commerzbank-тің 4,5% өсімі есебінен жоғарылап барып жабылған.
Жапондық Nikkei 225 бейсенбі күні 0,2%-ға көтеріліп, 28 665 тармаққа жетті. Наурызда экспорт 4,3%-ға өсті, дегенмен ел 20 ай қатарынан сауда тапшылығын бастан кешірді. Takashimaya (+3,1%), Sumitomo Osaka Cement (+2,5%), J Front Retailing (+2,3%), Advantest (+2,2%) және T&D Holdings (+2,1%) айтарлықтай өсім көрсетті.
Shanghai Composite бейсенбі күні 0,7%-ға төмендеп, 3 347 тармақты құрады. Ал Hang Seng 0,3%-ға өсіп, 20 420-ға жетті. Қытай Халық банкі негізгі несие мөлшерлемелерін сәуір айында да өзгеріссіз қалдырды. Өйткені экономиканың қалпына келуі жақсы жүріп жатыр. Жаңа Contemporary Amperex (-2,6%), Tianqi Lithium (-3,7%), Longi Green Energy (-2,6%), BYD Company (-2%) және Sungrow Power (-3%) айтарлықтай шығын шекті.
KASE индексі 0,9 пайызға өсіп, 2022 жылдың ақпанынана бергі максимум көртсекішті ұстап тұр,