Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев елден тау арқылы қашып кеткен болуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Сенат кулуарында айтты.
«Қырғызстан шекарасындағы Іле Алатауының тау жотасы 672 шақырымды құрайды. Ол тау арқылы қашып кетті деген болжам бар. Біз тау арқылы кетті деген нұсқаны қарастырып жатырмыз», – деді Ерлан Алдажұманов.
Айта кетейік, Серік Күдебаев Қаңтар оқиғасынан кейін істі болды. Оған сот үкімі 2023 жылдың 3 сәуірінде Талдықорғандағы сотта шығуы керек болған.
Алайда ол бірнеше рет сот отырысына келмегендіктен, қылмыстық істі тоқтатып, оған халықаралық іздеу жариялауды сұрады.
Сондай-ақ прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.