Алматы мәслихаты қаланы дамытудың 2040 жылға дейінгі бас жоспарын бекітті

Жарияланды
Мәслихат
Фото: Shutterstock

Алматы қалалық мәслихаты шахардың 2040 жылға дейінгі бас жоспарын бекітті. Сәуір айының 10-ына дейін Оңтүстік астананың бас жоспары Ашық НҚА порталында ашық талқылауға шығарылған болатын.

Бас жоспарды таныстырған қала әкімі Ерболат Досаев оны талқылау кезінде қала тұрғындарынан 1 380 пікір келіп түскенін мәлімдеді.

«Олардың арасында ыңғайлы қала, экологияны жақсарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бар. Мәслихат комиссиясының отырыстарында 20 ұсыныс келіп түсті, олар да бұл жобада ескерілді», деді Алматы әкімі.

2040 жылға дейінгі Алматы қаласын дамытудың Бас жоспарының мақсаты – қолайлы тіршілік ортасын құру және қаланың орнықты дамуы, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және табиғат пен мәдени мұраны сақтау мақсатында Алматының қала құрылысын дамытуды жоспарлау.

Сәуір айының соңында қаланың бас жоспары бекіту үшін Үкімет қарауына жіберіледі.

Сондай-ақ оқыңыз