Мегаполистер мен облыс орталықтарына 5G қашан енгізіледі?

Жарияланды
Бағдат Мусин

Биыл Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында 5G енгізіледі. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады.

«2023 жылы Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында ұялы байланыстын жаңа буыны – 5G енгізу мен дамытуды жоспарлап отырмыз. 2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қаланы қамту 75%, ал облыс орталықтарын қамту 60%-ды құрайды», – деді Мусин Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, 5G интернетке жоғары жылдамдықпен қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл цифрлық экономиканың дамуын жеделдетуге және заманауи технологиялық компаниялардың жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.
5G арқылы қалалардағы 170 мыңнан аса үйде аса жылдам интернет желісін қосуды қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз