Жаңалықтар

Мемлекеттік айыптаушы Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Суд
Фото: Shutterstock

Астанада мемлекеттік айыптаушы Назарбаевтың экс-келіні Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Мемлекеттік айыптаушы Азамат Сәрсенбаев бірнеше бап бойынша айыпталған Гүлмира Сатыбалдыны мүлкін тәркілемей, 8 жылға бас бостандығынан айыруды ссұрады.

«Гүлмира Сатыбалдыны қылмыстық кодекстің 389-бабы 4-бөлігі, 28-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, мүлкін тәркілемей, 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын», – деді прокурор Сәрсенбаев.

Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы Гүлмира Сатыбалдының қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуін сұрады.

«Мемлекет басшысына Гүлмира Сатыбалдыны “Құрмет» мемлекеттік наградасынан айыру туралы ұсыныс енгізілсін”, – деді прокурор.