Қазақстан даму банкі Чехия қаржы институттарымен келісімдерге қол қойды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Чехияның екі қаржы институтымен ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды. Келісім Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Чехия бизнес-форумына қатысу аясында жасалды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Екіжақты кездесуде Чехияның мемлекеттік экспорттық-сақтандыру компаниясы – Export Guarantee and Insurance Corporation (EGAP) ұйымы және ҚДБ Чехия экспорттық банкімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған.

Құжат екі компанияның Чехия мен Қазақстан Республикасы арасындағы сауда және инвестициялық ағындарды ілгерілету жөніндегі өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған.

«ҚДБ елдер арасындағы мәмілелерде қарыз алушы немесе кепілгер ретінде әрекет етуге ниетті. EGAP сақтандыруы бойынша мәмілелердің жалпы көлемі 150 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін», – делінген хабрламада.

ҚДБ Басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров банк ынтымақтастықты одан әрі дамытуға «барлық күш-жігерін жұмсайтынын» мәлімдеді.

«Чехия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары тұрақты өсуде. ҚДБ мемлекеттік даму институты ретінде біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі оң серпінге ие болуы үшін барлық күш-жігерін жұмсайды және бұл үшін жан-жақты қолдау көрсетеді», – деді ҚДБ Басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров.

Қазақстан-Чехия форумы екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейтуге, қазақстандық және чех кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстар мен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыз