Жаңалықтар

Үкімет арзан бағамен сатылып кеткен мұнай-газ инфрақұрылым нысандарын тексереді

Мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ірі компания осыдан бірнеше жыл бұрын жеке меншікке сатылған. Тексере келе бұл активтің жекенің қолына төмен бағада өтіп кеткені анықталған, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай-газ саласындағы маңызды инфрақұрылымдық объектілерді жеке меншікке берудің заңдылығы талқыланған.

Отырыста Әлихан Смайылов мемлекеттік органдарға осы мәселені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында пысықтауды тапсырды.

Демонополизация жөніндегі комиссияның бұған дейінгі отырысында Астана қаласындағы ақылы тұрақтар мәселесі талқыланған еді.

Жалпы, ел үкіметі экономиканың негізгі секторларын жедел демонополизациялауға мүдделі.