Ұлттық банк өкілдері инфляцияның негізгі себептерін атады

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

Ұлттық банк өкілдерінің пайымдауынша, Covid-19 пандемиясының теріс салдары, логистикалық тізбектегі үзілістер мен шектеулі ұсыныс аясында кейіннен орын алған фискалдық және монетарлық ынталандыру инфляцияның жеделдеуіне әкелді. Бұл туралы төрағаның орынбасары Ақылжан Баймағамбетов «Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық сын-қатерлер» атты ІІІ ғылыми-тәжірибелік конференциясында мәлім етті.
Оның дерегінше, 2022 жылы геосаяси тәуекелдің басталуы онсыз да шиеленісті экономикалық жағдайды ушықтырды және даму дәрежесіне қарамастан, барлық елде инфляцияның рекордты көтерілуіне себеп болған
Сонымен қатар проциклдік фискалдық саясат, экономиканың теңгерімсіз құрылымы кезінде эмиссиялық қаржыландыру түріндегі ішкі проинфляциялық факторлар инфляцияның рекордты жеделдеуіне қолайлы негіз болғаны да айтылды.

«Соңғы жылдары біз жоғары құбылмалылық пен белгісіздік жағдайында өмір сүріп, шешім қабылдап келеміз. Ондаған жылдар бойы қалыптасқан экономикалық байланыстар өзгеріп отыр. Сауда құрылымы өзгерді. Бұл жаңа экономикалық шындық оңтайлы ақша-кредит саясатын жүргізу үшін дайын болуды қажет етеді», дейді Ақылжан Баймағамбетов.

Оның дерегінше, сол себептен де Ұлттық банк инфляцияның нысаналы бағдарларының қалыптасып отырған сын-қатерлерге сәйкестігін үнемі қадағалап отырады.

«Ақша-кредит саясатының стратегиясында белгіленген инфляция бойынша
2025 жылдан бастап 3-4%-ық орта мерзімді мақсатқа қол жеткізу м.мкіндігін бағалағымыз келеді», деді Ақылжан Баймағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыз