Жаңалықтар

Әлем чемпионы: 12-партияда қытайлық шахматшы жеңіске жетті

Бүгін шахматтан әлем чемпионы атағы үшін ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық шахматшы Динь Лижень арасындағы матчтың 12-ші партиясы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Аталған партияда Динь Лижень қарсыласынан басым түсті. Шахматшылардың кезекті кездесуі жалпы саны 38 жүріспен аяқталды.

Осымен Ян Непомнящий қытайлық шахматшыға үшінші рет есе жіберіп отыр. Дегенмен жалпы есеп тең – 6:6.

Әлем чемпионы атағы үшін тартысты бәсекенің 13-ші партиясы ертең, яғни 27 сәуірде өтеді.

24 сәуірде өткен 11-ші ойынды шахматшылар тең аяқтаған.

Әлем чемпионы атағы үшін матч 14 партиядан тұрады. Тең есеп тіркелген жағдайда 4 партиядан тұратын тай-брейк белгіленеді. Егер тай-брейкте де жеңімпаз анықталмаса, онда шахматшылар блицте шеберлік байқасады. Одан әрі «ақтық партия» бар.