Британдық Yellow Cake «Қазатомөнеркәсіптен» 1,35 млн фунт уран сатып алмақ

Жарияланды

Фото: kursiv.media
Yellow Cake (уран тотығы мен шала тотығы концентратын сатып алу мен сақтауға маманданған британдық инвеcтициялық қор) 2023 жылдың I тоқсанында «Қазатомөнеркәсіптен» 1,35 миллион фунт уран сатып алмақ. Бір фунт уранды 48,9 доллардан сатып алса, жалпы сомасы 66 миллион долларды құрайды. Бұл туралы компанияның І тосандық есебінде айтылған.

Yellow Cake уран тотығы 2023 жылдың екінші жартысында жеткізіледі деп күтіп отыр. Сауда нәтижесінде қор 20,16 миллион фунт шикізат сақтайды. Осы мақсатта Қор 74,3 млн сомасына 15 млн акцияға қосымша эмиссия жүргізді.

Yellow Cake «Қазатомөнеркәсіппен» «негіздемелік келісімге сәйкес, уран тотығы мен шала тотығын тағы 100 млн долларға сатып алу мүмкіндігін сақтап отыр» делінген баяндамада.

«Уранның болашағына деген сеніміміз өзгерген жоқ. I тоқсанда уран бағасы басқа тауарларға қарағанда өсе берді, бұл уран бағасының активтердің қалған кластарымен төмен корреляциясын байқатады. Ең бастысы, атом энергетикасына деген жаһандық көзқараста айтарлықтай оң өзгеріс бар», – дейді Yellow басышы Андре Либенберг

2023 жылдың қаңтарында уран бағасы 6%-ға қымбаттап, бір фунт үшін 50,75 долларға дейін өсті. Yellow Cake есебінде сұраныстың салыстырмалы түрде шектеулі болуына байланысты ақпан-наурыз айларында 50,65-5 50,85 диапазонында болды делінген.

Yellow Cake UxC консалтингтік фирмасының мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, уран спот-нарығының жылдық көлемі 2022 жылы 60,8 миллион фунтты құрады деп жазады.

ҚазАтомӨнеркәсіп биыл үшінші экспорт бағытын ашуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Қытай порттарының бірі арқылы қазақстандық уранды жөнелту қолға алынбақ

Бұған дейін, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Румынияның Societatea Natională «Nuclearelectrica» S.A. («SNN») энергия компаниясына табиғи уран концентраттарын жеткізу сәтті жүзеге асқанын хабарлаған болатын. Акциялары Лондон және Қазақстан қор биржасында саудаланатын компанияның бағалы қағаздары да өсім көрсетіп келеді.  

Сондай-ақ оқыңыз