Алматы мен Астанада ІІ Дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беріледі

Жарияланды (жаңартылды )

Фото: kursiv.media

Алматы мен Астана қалаларында Жеңіс күніне орай ІІ Дүниежүзілік соғысының ардагерлеріне 1,5 млн теңге төлеу жоспарланған.

Алматы қаласында төлем Ауған соғысы жауынгерлері мен тыл еңбеккерлеріне де беріледі. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты.

«9 мамыр – бәріміз үшін қасиетті мереке. Өкінішке қарай, ардагерлеріміз жыл сайын азайып келеді. Соңғы мәлімет бойынша Алматыда 58 ардагер тұрады. Олар мерекені аман-есен қарсы алса екен деймін, біз жыл сайын құттықтаймыз. Әрбір ҰОС ардагеріне миллион теңгеден төлеуді жоспарладық. Ертең мәслихат отырысы өтеді, мен депутаттардан оларға 1,5 млн теңгеден төлеу үшін тағы 500 мың қосуды сұраймын», – деді қала әкімі.

Сонымен қатар Астанада да ІІ Дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беріледі. Бас қалада қазіргі уақытт 10 соғыс ардагері тұрады.

Әкімдік ресми сайтының хабарлауынша, Елордада тұратын ардагердің ең үлкені – 103 жаста, ең кішісі – 97 жаста. . ЧАЭС қатысушылары мен мүгедектерінен бөлек, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 436 адам 120 750 теңгеден алады.

Тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жұбайлары 9 мамырға дейін 11 АЕК (37 950 теңге) мөлшерінде төлем алады. Айта кетейік, ардагерлерге тиісті төлемдер 27 сәуірден бастап беріле бастайды.

Сондай-ақ оқыңыз