«Қазақстандық аграрлық сараптама» АҚ мен «АgroЭксперт-АЅ» ЖШС-на монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салынды. Сот «Қазақстандық аграрлық сараптамаға» 24,6 млн айыппұл салса, «АgroЭксперт-АЅ» ЖШС 9,2 млн айыппұл арқалады. Бұл туралы БҚДА баспасөз қызметі хабарлады.
Қос компания тұқым сапасын анықтау құнын алдын ала сөз байласып бекіткен. Осылайша, олар бәсекелестікті қорғау заңын бұзып отыр.
Жргізілген тексеріс нәтижесінде «Қазақстандық аграрлық сараптама» АҚ мен «АgroЭксперт-АЅ» ЖШС қатысты әкімшілік құқық бұзу туралы іс қозалған.
«Істерді қарау қорытындысы бойынша Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 20 наурыздағы қаулысымен «Қазақстандық аграрлық сараптама» АҚ жалпы сомасы 24 600 940 теңгеге әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.
Астана қаласының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз қалдырып, апелляциялық шағым қанағаттандырылмады.
Ал«АgroЭксперт-АЅ» ЖШС-на 9 241 130 теңге айыппұл салынған.
Жақында БҚДА басшысы ел экономикасының бүкіл саласында мемлекеттік монополия орнап жатыр деп мәлімдеген еді.