Таксистер мен курьерлер 1-шілдеден бастап арнайы салық режимін пайдалана алады

Жарияланды
доставка wolt
Фото Kursiv.media

Такси немесе курьер қызметін көрсететіндер жеке кәсіпкер немесе мекемеге жалдамалы қызметкер ретінде тіркеліп, салық пен әлеуметтік төлем төлеуге міндетті. Енді осы төлемдерді төлеу өте ыңғайлы болмақ. Мемлекеттік кірістер комитеті интернет-платформалармен бірлесіп арнайы функционалды іске қосты. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Салық пен әлеметтік төлем төлеу талабы бүгін пайда болған жоқ. Бұрыннан бар балап, бірақ әр түрлі себептерге байланысты көп азаматтар орындамайды.

Салық төлеуші үшін ең тиімдісі – «eSalyq Business» арнайы мобильді қосымша негізіндегі салық режимін қолдану. Сол арқылы 1 пайыз салық төленеді.

Мемлекеттік кірістер комитеті «eSalyq Business» мобильді қосымшасын пайдалана отырып жүргізілетін салық режимі негізінде пилоттық жобаны іске қосып жатыр.

Оның шеңберінде жеке кәсіпкер ретінде тікелей интернет-платформада тіркеліп, интернет-платформа операторы табысын төлеу кезінде тиесілі салық пен әлеуметтік төлемдер ұсталады, содан кейін мәліметтер автоматты түрде МКК-ға беріледі.

Осылайша, жеке тұлға салық органдарына бармай-ақ, салық міндеттемесін орындайды, ал салықтарды есептеу мен төлеудегі қателіктер жойылады.

Бүгінгі күні ақпараттық жүйелерді баптау бойынша «Яндекс.такси»-мен жұмыс жүріп жатыр, жұмыстар аяқталғаннан кейін азаматтар ерікті негізде пилоттық жобаға қосыла алады. Техникалық жүзеге асыру – 2023 жылдың 1 шілдесіне жоспарланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз