Гайд: Инвестор табуға арналған пайдалы құралдар

Опубликовано

Фото: kursiv.media

Стартапшылардың басты мәселелерінің бірі — инвестор табу. «Идея бар, ақша жоқ» деп жүретіндерді жиі көреміз. Көпшілігі таныстардың танысына шығып, іс-шараларды көріп қалып, лифтіге қатар кіріп идеясын жеткізіп жатады. Өзіңіз сеніп тұрған дүниені іске асыру үшін мәдени әрі заңды жолдың қандайын қолдансаңыз да, ерік өзіңізде. Бүгінгі материалымызда инвесторлардың мәліметтер базасы бар құралдарды тізіп шықтық.

Инвесторлар базасы

  1. Active investor list by Trace Cohen. 400-ге жуық инвестордың байланыс нөмірі, профайлдары ар тізім .
  2. Media investors. Медиа, ойын-сауық салаларына инвестиция жасайтын адамдар мен компаниялар тізімі . Мұнда телефон нөмірі жоқ. Сондықтан өзіңіз іздеуіңіз керек. Бірақ, бағыт алуға болады.
  3. VC funds at / below $200M size. Құны 200 млн доллардан төмен венчур қорлар туралы мәліметтер жинақталған кесте . Басты ерекшелігі — венчур қордың қашан инвестиция тартқаны туралы мәліметтің бары. Бұдан бөлек, фандрайзиңде dry powder көрсеткішіне мән берген жөн. Ол дегеніміз жаңа жобаларға салуға қанша ақша қалғанын көрсетіп тұрады. Сәйкесінше, қор жаңадан құрылып жатса, бұл кезде жаңа жобаларды да алу ықтималы артады.
  4. Gritt.io. Gritt – инвестор іздеуге арналған толықтай тегін сервис. Инвесторлардың LinkedIn мен AngelList профайлдарынан деректер алып, оны ыңғайлы мәліметтер базасы ретінде шығарып береді. Енді бастап жатқан стартапшыларға таптырмайтын құрал.
  5. Signal by NFX. Signal – инвестор іздеуге арналған платформа. Қолдану үшін LinkedIn  профайлыңызды байлауыңыз керек.

Байланыс іздеуге арналған құралдар

  1. Bridge. Компаниясына инвестиция тартқысы келетін фаундер Warm introductions болғанын қалайды. Өйткені инвесторға әлдекімдер сізді мақтап, таныстырса, қаражат тарту ықтималы әжептәуір артады. Фандрайзиңде таныс пен беделдің маңызы зор. Инвестордың көзіне түсу үшін ортақ байланыс іздеп, танысудың қамын жасау қажет. Мұндайда Bridge көмектесе алады. Ол арқылы сіз танысыңызға оның контактілерінің ішіндегі адамдармен таныстыруын сұрасаңыз болады. Бар болғаны өзіңіз жайлы қысқа-нұсқа ақпарат жазып, не үшін танысқыңыз келетінін көрсетіп, Request Intro батырмасын басыңыз. Өтінішіңіздің статусы да көрініп тұрады. Егер қабылдамаса, оны біліп отырасыз.  
      
  2. Shizune. Өзіңізге қажет инвесторды тезірек табуға көмектеседі. Ол үшін стартап туралы қысқаша сипаттама жазасыз. Оның ішінде қандай сала бойынша, даму кезеңін көрсету маңызды. Содан кейін сервис қорлар мен бизнес-періштелер тізімін дайындап береді. Бірақ қызмет ақылы. 100 инвестордан тұратын тізімнің құны — 29 доллар.
  3. Snov.io және Snov Li prospects. Венчур қорларға күнделікті қаншама адам идеясын ұсынады. Күнделікті ондаған, тіпті одан көп хат келіп түседі. Барлығы жаза бермес үшін қорлар сайттарына қызметкерлерінің электрон поштасын көрсетпейді. Сайттағы арнайы форманы толтыруды сұрайды, болмаса  info@venturefund.com дегендей арнайы пошта қалдырады. Өзіңізге керек поштаны табу үшін ойдан құрастырып жазып көрсеңіз болады. Мысалы armanov@fund.vc дегендей нұсқалар дөп түсуі мүмкін. Әйтсе де, бұл көп уақыт алуы мүмкін. Сондықтан сіздің орныңызға осылай құрап отыратын сервистерді қолданып көріңіз. Браузерге арналған кеңейтімдердің ішінде Snov.io Email Finder және Snov.io LinkedIn Prospect Finder деген екеуі қолайлы. Snov.io – ақылы сервис (құны айына — $33). Бірақ тегін тарифі арқылы 150 электрон мекенжай таба аласыз. Енді бастаған кезде бұл база жеткілікті. Snov.io Email Finder LinkedIn-нен басқа сайттардан байланыс мәліметтерін іздейді, ал LI Prospect Finder – керісінше.
Читайте также