Елімізде 380 туроператордың Қазақстанда жұмыс істеуге лицензиясы бар

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

Қазақстанда туристік қызметпен айналысуға лицензия 380 туроператорда бар. Бұған дейін мемлекеттік тізілімде қағаз және электрондық форматтағы лицензиясы бар 1240 туроператор болған. Олардың көпшілігі жұмысын тоқтатқан, бірақ тізілімде қалған. Мәдениет және спорт министрлігі осындай ақпарат таратты.

Министрлік мәліметінше, 380 туроператордың арасында шығу туризмі саласында 34 лицензия, ішкі, кіру және шығу туризмі саласында – 34, ал ішкі, кіру туризмі саласында – 312 лицензия берілген.

«Мемлекеттік тізілімді жаңарту бағытында үлкен жұмыс атқарылды, туроператорлардың өздері де қызметін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіп келеді. Біз үшін қызмет көрсету сапасы мәселесі басты назарда. Барлық лицензиаттар үшін заң аясында жұмыс істеу маңызды», – деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Бұған дейін, Министрлік еліміздегі туристер ең көп баратын қалалар тізімін жариялаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз