Серік Күдебаевқа сот үкімі шықты

Жарияланды
Вынесен приговор экс-главе департамента полиции Алматинской области

Талдықорған қалалық сотында Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевқа сот үкімі шықты. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейтін болады.

 Серік Күдебаев Қаңтар оқиғасынан кейін істі болды. Оған 2022 жылдың қаңтарында болған оқиғалар кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны және азаптады деген айып тағылды. Сот үкімі 2023 жылдың 3 сәуірінде Талдықорғандағы сотта шығуы керек болған.

Алайда ол бірнеше рет сот отырысына келмей, соңында шетелге қашып кеткендіктен, қылмыстық істі тоқтатып, оған халықаралық іздеу жариялау сұралды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов ол елден тау арасымен қашып кеткен болуы мүмкін екенін мәлім еткен болатын.  Сондай-ақ прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. 

Кеше Бас прокуратураның баспасөз қызметі С.М. Күдебаев ұсталғанын ресми түрде хабарлаған болатын.

«Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы С.М. Күдебаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 2022 жылдың қаңтарында болған оқиғалар кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны және азаптау үшін айыпталды. Сот талқылауы кезінде С.М. Күдебаев өзіне қатысты қолданылған бұлтартпау шарасын бұзып, соттан жалтарып кеткен, сол себепті қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасымен мемлекетаралық іздеуге жарияланды» делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз