Қазақстанда ҰБТ-ға түлектерден өтініш қабылдау басталды

Жарияланды

Елімізде бүгіннен бастап ЖОО-на грант бойынша түсуге мүмкіндік беретін Ұлттық бірыңғай тестілеудің негізгі кезеңіне тіркелу басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 28 сәуірде басталып, 14 мамырға дейін жалғасады.

Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға арналған ҰБТ 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өтеді.

Барлық талапкерге ҰБТ-ны тапсыруға 2 мүмкіндік беріледі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша 2023 жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады. Сондай-ақ олар тестілеу күнін, уақытын және орнын өздері таңдайды. Бұл ретте талапкерлер екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгілей алады.

ҰБТ-ға қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының http://app.testcenter.kz сайтында тіркелу қажет. Атап өтейік, тіркелудің бірінші кезеңі 28 сәуірден 6 мамырға дейін, екінші кезеңі 7 мамырдан 14 мамырға дейін болады.

Сондай-ақ оқыңыз