Қытайдың төрт азаматы Алматы қаласы әуежайында әуе рейсінен түсірілді

Жарияланды

Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне Air Astana әуекомпаниясының өкілінен Алматы – Атырау рейсімен ұшпақшы болған жолаушылар тұралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

Тексеру барысында 28, 32, 38 және 42 жастағы Қытай азаматтарын анықталды. Арызданушының айтуынша, рейске тіркелу кезінде олар өздерін дөрекі ұстаған, масаң күйінде болған, балағат сөздер айтып ортақ пайдаланылатын орынды ластаған.

Медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша құқықбұзушыларда ішімдіктің «орташа» дәрежесі анықталды.

Шетел азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып әрқайсысыны 5 айлық есептік көрсеткіш (17 250 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.
Іс шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыз